12 қыркүйекте iPhone 8 смартфонының таныстырылымы өтеді

Сондай-ақ, баспасөз конференциясы барысында iPhone 8 смартфонынан бөлек басқа екі смартфон көрсетіледі. Олар — iPhone 7s пен 7s Plus.

Басылымның мәліметінше, 12 қыркүйекте жаңа LTE-модульді Apple Watch, Apple TV мен HDR таныстырылып, iOS 11 жүйесі жайлы толығырақ айтылатын болады.

Айта кетейік, iPhone 8 смартфонының жаңа дизайні мен 5,8 дюймді экраны болады. Ресми емес дереккөздерге сүйенсек, Apple компаниясы енді саусақ іздерінің орнында қолданушының бетін тану функциясын қосады.

ДереккөзTheverge.com