Өңірдің көлік қызметкерлерінің одағы облыстық әкімдікке жолақысын қымбаттату жөнінде кезекті рет ұсыныс хат жолдады.
Өткен демалыстан бастап жергілікті жанар-жағармай құю станцияларында бензин мен дизель отыны талондармен сатыла бастады.
«Жолаушылар тасымалдаушылардың жағдайы ауыр деуге болады. Павлодардағы ірі автобус паркіндегі қоғамдық көліктің көбі дизель отынымен жүреді. Демалыс күндері жанармайдың литрі 155 теңгеге қымбаттап кетті. Былтырғы жылы баға 102 теңге болатын, биыл екі есеге шарықтап кетті. Ал жолақы 70 теңге көлемінде, өзгерген жоқ. Жауапты мекемелерге екі мәрте хат жаздық», — дейді облыстық көлік қызметкерлері одағының төрағасы Василий Рудаков.
Өңірдегі автобус паркіне қарасты қоғамдық көліктердің 90%-дан астамы дизель отынымен жүреді. 300-ден астам ірілі-ұсақты көлік жолаушы тасымалымен айналысады. Халықты тасымалдау 29 бағыт бойынша жүзеге асырылады.