Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мәліметі бойынша, жарысқа Ақмола облысынан 26 спортшы қатысып, бақ сынаған. Жарыс ережесі бойынша жеңімпаздар кросс, спринт, 5-10 шақырымға еркін және классикалық әдістері бойынша анықталған.
Жарыста Ақмола облысының шаңғышылары жақсы нәтиже көрсетті. Олардың арасында жүзден жүйрік шыққан сандықтаулық Гүлсина Қадырова екі екінші орын және бір екінші, щучьелік Тамара Эбель — үшінші, көкшетаулық Олжас Климин — бірінші, сандықтаулық Фёдор Карпов — екінші, зеренділік Эльмира Мутагарова екінші, сондай-ақ, щучьелік Николай Чеботько – бір бірінші және екінші, Денис Волотка үшінші, Святослав Матасов күміс, Константин Борцов бірінші және Валерия Тюленева бірінші орын алды.
Қазіргі кезде, спортшылар жыл соңында Алматыда өтетін ҚР спартакиадасының кезекті кезеңіне дайындалуда.