Ақмола облысында 1793 тарихи-мәдени мұра нысаны бар

Әр жәдігер – тұнған тарих. Сөйлетсең, сөз тиегі ағытылып, сыр шертуге дайын. Елбасының мақаласына сәйкес «Рухани қазына» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі географиясы» жобасына облыстың 9  тарихи-мәдени орын алынды.

Осы орайда өңірдегі тарихшылар да туған өлкенің құндылықтарын дәріптеуді көздейді. Олар өскелең ұрпаққа әр нысан жайында  нақты әрі толыққанды ақпарат қалдыруды мақсат етіп отыр.

«Байтақ дала – туған жердің, қымбат маған әр тасы» деп ақын Нұрсұлтан Әлімқұлов жырлағандай, әр адам өз өлкесіне асқан жанашырлық танытып, тарихын тануға құлшыныс білдіруі керек. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасының  басты мазмұны да осыған саяды.