Оралда жас кәсіпкерлерге арналған тегін курстар басталады

Тегін курсты ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізбек. Жасы 18 бен 29 арасындағы іскер топ өкілдері апта бойы бизнестің негіздерін терең меңгеріп, жоба әзірлеуді үйренеді, қаржылық құжаттар әзірлеудің қыр-сырына қанығады.

Оқу аяқталған соң қатысушылардың бизнес жобалары арасынан ең үздігі іріктеліп, 3 миллион теңгенің мемлекеттік бизнес грантын иеленеді.

Мақсат Құланбаев, облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім жетекшісі: Біздер шамамен қазіргі өтініштерге қарағанда 30-ға жуық адам қатысады деп отырмыз. Одан да көбірек келуі мүмкін. Қазіргі таңда аталған оқуға өтініштер әлі күнге дейін қаралып жатыр. Біздің оқу нақты бизнесті жүргізуге бағытталған оқу болып табылады.

Дереккөз24.kz