Басты бетЖаңалықтарКөкшетау әскерилері...

Көкшетау әскерилері латын қарпіне көшуді қолдайды

Бұл әскери бөлімдердегі тәрбие ісінің жақсы жолға қойылғанының белгісі. Айта кетейік, залға жиналған бұл офицерлер өз әскери бөлімдеріндегі тәрбие ісіне жауап береді. Олар бүгінде Елбасының бағдарламалық мақаласында айтылған ойларды толық қолдап,  қуаттап отыр және рухани жаңғыру идеясын өз бөліміндегі әскерилерге түсіндіруге дайын.

Әскерилер қазақ тілін латын қарпіне  көшіру жөніндегі бастаманы да толық қуаттап отыр. Өйткені, жаңа әліпби дамыған мемлекеттермен тереземізді теңестіруге, бәсекеге қабілетті болуымызға жол ашады, -деп есептейді. Әскери бөлімдерде тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандарымен бұл бағытта талай кездесулер ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

«Орталық» өңірлік қолбасшылығы бүгінде Ұлттық Ұланның ең ірі және алдыңғы қатарлы әскери бірлестіктерінің бірі. Соңғы 3 жылда әскерилер тарапынан батырлық пен батылдықтың үлгісі болар талай ерліктер жасалды. Халық қаһарманы атанып, Елбасының қолынан  талай марапатқа ие болғандар да бар.