Қазақстандық студенттер бизнес идеялар байқауында ІІІ орын алды

Шараға 36 мемлекеттен келген жастар қатысты. Жаңашыл қадамын жария еткендер арасында қазақстандық студенттер де бар.

Энактас командалары халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жобаларды жасап, жүзеге асырулары қажет. Тақырып экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталады. Шынайы нәтиже көрсеткендері ғана жүйрік болып танылады.

Студенттік кәсіпкерліктің, стартап жобалар мен инновациялық идеялардың байқауында Қазақстанның атынан қатысу құқығын Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті жеңіп алған болатын. Олардың Шығыс Қазақстан облысы ауылдарындағы бизнесті дамыту, фермаларға жұмысқа орналастыру, жасөспірімдерге арналған «Батылдық мектебі» және «Күн көріс мектебін» ұйымдастыру бойынша жобалары Қазақстандағы 129 жоғары оқу орны арасында үздік деп танылған.

Дереккөз24.kz