Семейде Әлихан Бөкейхановқа ескерткіш орнатылды

Шаһардың оң жақ бөлігінен орын тепкен сәулет нысаны байқауға қатысқан 4 жобаның ішінен үздік шыққан. Авторы — Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Бақытбек Мұхаметжанов.

Таза қоладан жасалған мүсіннің биіктігі тұғырымен қосқанда 5 метрден асады.

Айта кетейік, ескерткіш Алаш орда үкіметінің 100 жылдығы мен Әлихан Бөкейхановтың 151 жылдығына орай орнатылған.

Дереккөзqazaqtimes.com