Hunan TV арнасының шығармашылық тобы ұлттық арнаның жобаларымен танысты

Продюсер, режиссер, қоюшы – оператордан тұратын қытайлық түсірілім тобы «Жібек Жолы Жұлдызы» жобасының шығармашылық тобымен концерттік телевизиялық шоу жасаудың әрбір кезеңін, яғни сценарий жазудан бастап, эфирге дейінгі әрекеттерді талқылады. Сондай-ақ, қытайлық әріптестер осындай шоулардың негізгі маркетингтік және кастинг өткізу стратегияларымен таныстырды.

Екі күндік кездесуде екі жақ музыкалық концерттік жобалардың режиссурасы, қойылымы, драмургиясы және монтажы бойынша тәжірибе алмасты. Продюсерлер орындаушылардың шығармашылық образы мен шоу бизнес және эстрада жұлдыздарымен жұмыс жасау жолдарымен бөлісті.

Hunan TV – 1997 жылы қаңтар айында құрылған Қытай еліндегі танымалдылығы бойынша екінші телеарна. Hunan TV арнасының сигналы ҚХР-ның үлкен бөлігін, сонымен қатар Макао, Гонконг, Тайвань және шет мемлекеттерді қамтиды. Hunan TV – әлемге «I am Singer» жобасымен әйгілі болған телеарна.