Елімізде тұмауға қарсы вакцинациялауға қанша ақша жұмсалады?

Ведомствоның мәліметінше,  2017-2018 жылдардағы эпидмаусымға бюджеттік қаражаттың 1 миллиард 200 миллион теңгесіне РФ өндірген «Гриппол плюс» вакцинасының 1,5 миллион дозасы сатып алынды.

«Мемлекеттік бюджет есебінен вакцинациялаудан созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры ауруларымен ауыратын, иммундық тапшылығы, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері мен жүктіліктің екінші және үшінші триместріндегі жүкті әйелдер алады. Сондай-ақ жұмыс берушілер есебінен және адамдардың жеке қаражатынан егілетін болады», — деді министрліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, министрліктегілер Қазақстан халқына өз балаларын инфекциялық аурулардан қорғану құқығынан айырмауға және олардың денсаулығын барлық қолжетімді әдістермен, оның ішінде вакцинациялаумен қамтамасыз етуге шақырады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да