Алматыда қазақ өнерінің бүгінгі ахуалы талқыланды

Оған мәдениет саласының өкілдері, суретшілер, киносыншылар мен өнер адамдары қатысты.

«Қоғамдық құндылықтарды өскелең ұрпақ бойына сіңіруде мәдениет пен өнер айрықша рөл атқарады. Ол ұлттық идеологияның қалыптасуына ерекше ықпал етеді. Сондықтан Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын кезең-кезеңімен іске асыруда осы мәселеге назар аудару керек», – дейді өнер қайраткерлері.

Әсіресе кенжелеп қалған авторлық сахна өнерін, балалар мультфильмі мен деректі киноны дамытуға қаржылай қолдау қажет. Бұдан өзге БАҚ саласында ойын-сауықтан гөрі адамның ой-өрісін дамытатын, өзекті әлеуметтік тақырыптарды қамтитын, халықтың рухани сұранысына сай болатын жобаларды көбейту керектігі айтылды.

Асқар Нұрша, тарих ғылымдарының докторы:  — Дөңгелек үстеліміздің негізгі мақсаты – біздің мәдениетіміз қай бағытта дамып келе жатыр, оның жалпы әлемдік деңгейде бәсекеге қабілеттілігі қандай, әлемдік жаһанданудың жағымсыз жағдайларына төзімділігі қандай, осы тақырыптар бойынша өнеріміздің қазіргі жағдайын талқыға салу, ой бөлісу.

Дереккөз24.kz