Нысанның ашылуы салтанатына аймақ басшысы Мəлік Мырзалин қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Өз сөзінде облыс әкімі, «аталған жоба Елбасының сандық Қазақстан форматына көшу жолында міндеттелген тапсырманың нақты орындалуының бір мысалы және бұл жоба әлемдік барлық сатндарттарына сай жасақталған»,- деді.
Астана қаласының іргесінде Электрондық ақпарат сақтайтын орталық ашылды. Жоба бойынша аталмыш нысанның құрылысы 4,5 миллирад теңгені құрайды. Қазіргі заманғы құрылғылармен жабдықталған орталықта квазимемлекеттік және жеке секторға қызмет көрсетілетін болады. Кәсіпорын директоры Серікжан Құнанбаевтың айтуынша, орталықтың аумағы 1,2423 гектарды құрайды. Орталық клиенттердің электрондық ақпараттарын сақтап, өңдеуге мүмкіндік береді.
«Мұнда электрондық ақпаратты сақтайтын 100 орын бар. Қызмет ауқымы Қазақстан Республикасы аумағын құрайды. Алдағы уақытта Қосшы ауылында коммерциялық құрылымдарға қызмет көрсететін осындай жаңа кәсіпорын ашу жоспарланған», — дейді Серікжан Құнанбаев.