Кездесуде «Қазақстанның рухани киелi жерлерi» жобасы шеңберiнде әрiптестiк мәселелерi талқыланды. Осы орайда, Ақмола облысы әкiмдiгi мен ғалымдар бiрлесiп, Бурабайда Ботай мəдениетiн жаңғыртуды жоспарлап отыр.
Виктор Зайберттiң сөзiнше, бiздiң дəуiрiмiзге дейiн 6 мың жылдықта қазiргi Ақмола, Солтүстiк Қазақстан, Павлодар жəне Қостанай облыстары аумағында үлкен тарихи оқиға орын алған.
«Дəл осы жерлерде ат-көлiктiк коммуникация дəуiрi қалыптасып, далалық өркениет бастау алған. Мұның барлығы көне Ботай мəдениетiмен байланысты. Бiздiң жобамыздың басты мақсаты да осы — дүние жүзiне елiмiздiң тарихын паш ету», — дедi В.Зайберт.
Ботай мəдениетiн жаңғырту жобасын жүзеге асыруға «EQUUS» көркем кинотрилогиясының продюсерi Нұрбол Баймұханов та өз үлесiн қосатын болады. Оның айтуынша, ат-көлiктiк коммуникация бойынша адамзат тарихы туралы көркем фильмдi көрген адам сол Ботай мəдениетi мен Бурабай курортына келгiсi келетiнi анық.
Еске сала кетейiк, жақында Ақмола облысында «EQUUS» көркем кинотрилогиясы түсiрiлген болатын. Аталмыш фильмдi болжам бойынша 60 мемлекетте 1 миллиардтан астам адам көредi деп жоспарланып отыр.