Алматыда халықаралық Болат Тұрлыханов кубогы өтеді

Биылғы додаға Қазақстан балуандарынан өзге Грузия, Ресей, Корея, Беларусь, Иран, Армения, Венгрия, Грекия, Украина, Польша, Литва, Түркия, Таиланд, Өзбекстан Тәжікстан, Қырғыстан бастаған 16 елдің ең танымал балуандары қатысады.

Балуандар сайысы Алматыдағы  «Халық Арена» спорт сарайында өтеді.

Халықаралық Болат Тұрлыханов кубогы Бүкіләлемдік күрес кеңесінің (UWW) күнтізбесіне енгізілген болатын. Осыған орай балуандар олимпиадалық ойынға жататын 59, 66, 75, 85, 98 және 130 келі салмақ дәрежелері бойынша сынға түседі.

Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары 3 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алса, екінші орын иегері 2 мың, үшінші орын алғандар 1 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы және арнайы медальдармен марапатталады.

ДереккөзKazinform.kz