Құзырлы мекеме мәліметіне қарағанда, екі азамат қала тұрғындарына президенттікке үміткер Өмірбек Бабановты қолдау үшін екі мың сом берген.
Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, үгіт-насихат науқаны кезінде дауыс сатып алу санаты бойынша алғаш рет қылмыстық іс қозғалып отыр. Қылмыстық іс Ош қалалық сотына жолданды. Ол 3 қазанда қаралады. Заң бұзғандар 300 мың сом айыппұл төлеп, 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.