Басты бетҚоғамTwitter желісіндегі...

Twitter желісіндегі символ көлемі көбейеді

Ағылшын тілінде жазатын пайдаланушылар үшін хабарламаға бөлінген 140 белгі лимиті қолайсыз. Сондықтан, микроблог басшылығы 280 белгіден тұратын хабарлама жазу жобасын сынақтан өткізіп жатыр.

Бірақ, жаңа жоба жапон, қытай, корей тілдеріне қолданылмайды. Себебі, бұл тілдер онсыз да ойды аз ғана символмен жеткізе алады.

Қазіргі таңда жаңалық пайдаланушылардың шағын тобына ғана қолжетімді. Жаңа функция сынақтан өткізілуде. Оның бүкіл аудиторияға қашан енгізілетіні туралы ақпарат айтылмады.

ДереккөзMassaget.kz