Ашхабадта өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасының спортшылары жалпы есепте 78 медальмен бесінші орында келеді.
Самбо спорты бойынша жарысқа шыққан спортшылар кешелі бері ел қоржынын жүлдемен толықтыруда.
64 келіде белдескен Динара Жұмабаева Азия ойындарының алтынын алса, Гүлнұр Ерболова мен Темірлан Ыхсанғалиев күміс жүлде иеленді.
Самбошылардың еншісінде бұдан бөлек тағы үш қола бар.