Басты бетШығыс Қазақстан...

Шығыс Қазақстан облысында Құнанбай ескерткіші ашылды

Ал биіктігі тұғырымен қоса алғанда – 7 метр. Ескерткіш авторы — семейлік жас мүсінші Нұрбол Қалиев . Ол ескерткішке 10 айдай уақытын жұмсағанын айтады.

Сондай-ақ, Құнанбай Өскенбайұлы туралы жинақ жарық көрді. Құрастырушы авторы — қаламгер Әсет Мырзақасымның айтуынша, Құнанбай туралы жазылған дүниелер аз емес.

«Жазушы Тұрсын Жұртбайдың Құнанбай туралы кітабындағы «Өскенбай асы» деген бір тарауды тұта­сымен бердік. Өйткені, Өскен­байдың асы Құнанбайдың даңқын шығарған, Үш жүзге атын танытқан ас. Бұл ас үш күнге созылған екен. Жалпы, Құнанбай туралы жазылған дүниелер аз емес қой. Біз сол дүниелердің негіз­гілерін жи­нақ­тап, мерейтойға келген қонақтарға Құнанбайдың өмірі мен тағдырын қысқаша таныстыруды мұрат еттік», — дейді ол.

Ескер­т­кі­штің салтанат­ты ашылу рәсімінде сөйлеген Абай ауданының бұрынғы әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков Құнанбай ескерткішінің тұрғызылуына жергілікті кәсіпкер азамат­тардың, бүкіл аудан жұрт­шылығының жұдырықтай жұ­мыла үлес қосқанын ерекше атап өтті.

«Бәрі де «Құнанбай» фильмінің экранға шығуынан басталды. Халық бұл туындыны жылы қабылдады. Жыл басында аудандық мәслихат депутаты Ардақ Белібаев дала данышпанына ескерткіш орнату жөнінде ұсыныс айтқанда, бастама бірден қызу қолдауға ие болды. «Құнанбай қажы» қоры құрылды. Ұлы бабамыздың ескерткішін орнату аудан халқының көптен күткен, ойда жүрген арманы болатын. Бұл мекен ауылымыздың ажарын ашып, сәулетіне сәулет қосып, рухани күш сыйлайтын көрнекті орынға айналатынына сеніміміз мол»,  — деді ол.

Сондай-ақ, бұл күні аудан орта­лы­ғында толықтай күрделі жөндеуден өткен 400 орындық стадион салтанатты түрде ашылды.

Айта кетейік, ескерткіштің ашылуы салтанатында бәйге жарыс, концерттік шара ұйымдастырылды.

ДереккөзEgemen.kz