2018 жылдан бастап зейнеткердің еңбек өтілі қалай есептеледі?

«Қазіргі кезде базалық зейнетақы төленгенде адамның еңбек өтілі ескерілмейді. Ал 2018 жылы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақының мөлшері еңбек өтіліне қарай тағайындалады. Адамның 1998 жылы 1 қаңтарға дейін, яғни жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілгенге дейінгі еңбек өтілі ғана емес, сол жинақтау жүйесіне қатысу мерзімі де ескеріледі. Мәселен, зейнетақы жүйесіне бір жыл қатысқаны үшін, кем дегенде, 2 пайыз қосылады», — дейді вице-министр.

Вице-министрдің айтуынша, бір адамның еңбек өтілі 10 жылдан кем болса, қазіргі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы (24 459 теңгенің жартысы — авт.).

2018 жылдан бастап аталған көрсеткіш тағы 4 пайызға артады.

«Ал еңбек өтілі 33 жыл болса, онда ең төменгі күнкөріс деңгейінің толық соммасы төленеді. Осылайша, бюджетке түсетін салмақ пен адамның зейнетақы жүйесіне қатысуы арасындағы тепе-теңдік орнатылады. Әйтпесе, бізде адамдар зейнетке үш жыл қалғанда өз табыстарын рәсімдеп, зейнетақы жарналарын жаппай аудара бастайды. Өйткені заң бойынша соңғы үш жылда аударылған жарнаның ескерілетінін жақсы біледі. Олай болған дұрыс емес», — дейді Светлана Жақыпова.

ДереккөзInform.kz