Басты бетҚоғамТамара Дүйсенова...

Тамара Дүйсенова «тұрғын үй куәлігін» енгізуді ұсынды

«Тұрғын үй алған соң отбасының әрбір мүшесіне мемлекеттік субсидия төленеді және бір жылға дейін баспананы жалға алу шығындары өтеледі. Ал ол үйді бірден сатып алғысы келсе, бір жылдық субсидияны толығымен беруге болады. «тұрғын үй куәліктері» жүйесі негізінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен заем алуға болады. Ондайда «тұрғын үй куәлігінің» 50 пайызын жергілікті атқарушы органдар төлейді деген жоспар бар. Қалғанын республилық бюджеттен берілетін субсидиямен өтеледі», — дейді Тамара Дүйсенова.

«Тұрғын үй куәлігін» үйді толығымен сатып алуға немесе баспананың алғашқы жарнасы ретінде қолдануға мүмкіндік бар.

«Осы шаралардың нәтижесінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттырып, xалықты экономиканың сұранысына қарай қоныстандандыра аламыз», — деп атап көрсетті министр.

ДереккөзInform.kz