Дональд Трамп БҰҰ-ны реформалауға шақырды

АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ-ны реформалауды қолдады. Президенттің пікірінше, бұл ұйым қазіргі таңда өз рөлін атқара алмай отыр.

Дональд Трамп. Фото: Тheodysseyonline.com

Дональд Трамп: «БҰҰ жұмысының нәтижесі бөлінген қаражатты ақтамайды»,- дейді.

Бұл туралы ол дүйсенбі күні БҰҰ-ның Нью-Йорктегі кеңсесінде айтты. Дональд Трамп осы орайда басқа да әлемдік жетекшілерді бастаманы қолдауға шақырды.

АҚШ БҰҰ-на үлкен қаржы бөліп отыр. Биылдың өзінде 600 млн доллар бөлген. Ұйымның жылдық бюджеті — 2,5 млрд доллар. Сонымен қоса, Вашингтон жыл сайын 2 млрд долларды БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына береді.

Трамп БҰҰ-ның беделін қалпына келтіруге шақырды. АҚШ президентінің пікірінше, ол үшін ұйым істеген істеріне есеп беріп отыруы тиіс.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version