Басты бет Жаңалықтар Нью-Йоркте жүрген Димаш Ниязов кәсіби рингте 11-жеңісіне қол жеткізді

Нью-Йоркте жүрген Димаш Ниязов кәсіби рингте 11-жеңісіне қол жеткізді

Нью-Йоркте тұрып жатқан Димаш Ниязов кәсіби рингте кезекті айқасын өткізіп, жеңіске жетті.

Детройттегі бокс кеші аясында Ниязов бесінші раундта доминикандық Рамон Геварды техникалық нокаутпен жеңді. Жекпе-жек бірінші орта салмақта өтті. Бұл  – Ниязовтың 11-ші жеңісі. Ол осы күнге дейін жеңіліп көрмеген. Тек 3 кездесуде тең нәтиже көрсеткен.

Естеріңізге сала кетсек, Димаш Ниязов 13 жасында отбасымен АҚШ-қа көшіп кетіп, бүгінге дейін сол жақта тұрып жатыр. Қазақстанда боксшы Нұрғали Сафиуллиннің жетекшілігінде жаттыққан. Оңтүстіктің жігіті Нью-Йорктің үздік полицейі атанып, қазір осы жақта жұмыс істеп жүр. Ісіне деген тиянақтылығы оның мерейін өсірді. Әріптестерінің құрметіне бөленген Димаш Ниязов Наурыз мейрамына орай туған жеріне келіп, ауқымды жоспарларымен бөлісті. Тіпті америкалықтардың қорғаушысына айналған Димаш енді Астанадан бокс клубын ашуды жоспарлап отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version