«ЕМА-2017»: Кімдер жеңімпаз атанды?

Аталған байқауда 10 номинация бойынша 30 әртіс таласқа түсті.

Ерке Есмахан «Интернет таңдауы» номинациясы бойынша үздік орындаушы деп танылды. Ол іссапарда жүргендіктен, сыйлығы продюсері Баян Мақсатқызына табысталды .

«Хип-Хоп» жанры бойынша тағайындалған номинацияны «Баллер» жеңіп алса, «Ninety One» тобы екі бірдей сыйлықты жеңіп алды. Атап айтсақ,  «Үздік ән» және «Үздік ерлер ұжымы» номинацияларын «91» тобы еншіледі.

«Біз жүлде аламыз деп ойлаған жоқпыз. «Сахнаға шықсын» деді, шықтық. Баршаңызға алғыс айтамыз», — деді топтың жігіттері.

«Үздік видеоклип» номинациясы бойынша «Кентал» озып шықса,  «Үздік орындаушы ер адам» номинациясын Әли Оқапов, қыздардан Луина жеңіп алды.

«Үздік ұжым» номинациясы «БН» тобына бұйырса, Айрии «жылдың ерекшелігі» номинациясы бойынша үздік деп танылды. Ал «Джейран» тобы «үздік бойжеткендер ұжымы» номинациясын еншіледі.

Сонымен қатар,  «Үздік дуэт» номинациясы Алан Черкасов пен Сосо Павлиашвилиге бұйырды.

Шоу бизнеске қосқан үлесі үшін Айжан Нұрмағамбетоваға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлық табыс етілді.

ДереккөзInform.kz