Әли Оқапов “өнертану ғылымдарының магистрі” атанды

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Желі қолданушылары Әлиді құттықтап, ақ тілектерін жазған.

Осымен 18 жылға жалғасқан оқу жылдарым артта қалды. Докторантура жайында әлі ойланбадым. Барлық ұстазға, ғылыми жетекшім – Бегалинова Гүлнар Әбдірахманқызына, композиция шебері әрі комиссия төрағасы Шілдебаев Қуат Абдуллаұлына, Кесоглу Лаки Константиновичке, Забирова Толқын Қалиқызы және менің оқуыма қандай да қатысы болған жанның барлығына алғыс айтамын. Енді менің толық музыкалық жоғары білімім бар. Өнертану ғылымдарының магистрі атандым, – деп жазды Әли Оқапов.