Басты бетҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттың төрағасы болып қайта сайланды

Бүгін Сенаттың жалпы отырысына ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков қатысып, сенаторлар алдында Елбасының ҚР Парламенті Сенатаның төрағасын сайлау туралы хатын оқып берді.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы1-тармағына сәйкес, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ҚР Парламеті Сенатының төрағасы қызметіне сайлауды ұсынамын», — делінген хатта.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маған тағы да сенім артқаны мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деп білемін. Қазақстан Тәуелсіздік алған кезден бастап мен Елбасының сеніміне ие болып, оның тапсырмаларын орындап келе жатырмын. Біздің Президентімізді әлем жұртшылығы ғаламдық деңгейдегі саясаткер, ұлы реформатор ретінде құрметтейді, шын мәніндегі тарихи тұлға деп біледі. Елбасының көреген басшылығымен еліміз биік белестерді бағындырып, әлемдегі танымал әрі абыройлы елдердің қатарына қосылды. Мемлекет басшысының салиқалы, көреген саясатын іске асыру мен үшін әрқашан жауапты және зор мәртебелі міндет. Президенттің сенімін ақтауға бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын», — деді өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Президенттің ұсынуы бойынша депутаттар жасырын дауыс беру арқылы Қ.Тоқаевты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы етіп сайлады.

ДереккөзInform.kz