Басты бетЭкономикаЦифрлық экономиканың...

Цифрлық экономиканың қаржысы «желге ұшпауы» керек — Нұрсұлтан Назарбаев

Президенттің мәліметінше, көрші Ресей цифрландыруға алғашында 1,5 трлн рубль бөліп,  2024 жылға қарай жалпы ішкі өнім өсімін 5,7 трлн рубльге жеткізбек.

«Ресейдің бұл әрекеті дұрыс, алайда серпілісжасалмайды. Ал біздің цифрлық бағдарламаны әзірлеушілер қанша табыс табады? Бюджеттен 2021  жылға дейін 251 млрд шығындамақпыз. Жаңа жобалар бізге не береді? Ұсынылған жобаларда нақты сандар көрсетілмеген. Егер осылай жұмыс істейтін болсақ, онда ақша ұрланып, желге ұшып, жоқ болады. Дәл осылай болады деген кепілдік жоқ, бірақ мұны ескерген жөн. Сондықтан мақсатымызды қазірден анықтап алайық», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оның айтуынша, отандық бағдарлама әзірлеушілер мен шет елден тартылатын кеңесшілер тиімділігін тиісті деңгейде жоспарламайтын болса, жобалар идеология жағынан Қазақстанның дамуын тежеуге бағытталған қадам болуы мүмкін.

«Бәсекелестікте басым түспесек артта алып, алда келе жатқан мемлекеттердің шаңын жұтатын боламыз. Күрт өсім, табыс, өнімділік пен капиталдандыру — міне іс осында жатыр. Цифрлық экономиканың берері де осы», — деген Президент елді цифрландыру басты мақсат емес, ол тек Қазақстанның түбегейлі басымдығына қол жеткізудің құралы екендігін баса айтты.

ДереккөзInform.kz