Басты бетЖаңалықтарАлматылықтар үшін...

Алматылықтар үшін «Open Almaty» қоғамдық қабылдауы ашылды

Қала әкімі Бауыржан Байбек қоғамдық қабылдауда болған кезінде жаңа сервистің мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттырумен қатар тұрғындар алдында ашықтығын, есепті екенін көрсететінін атап өтті.
Жаңа қалалық сервис арқылы қаланың әрбір тұрғыны немесе қонағы түрлі қызметке қатысты өз ұсынысы мен шағымын қаланың қоғамдық қабылдауына www.open-almaty.kz интернет- порталы немесе 1308 нөмірі бойынша жібере алады.
«Open Almaty» порталы бойынша түрлі өмірлік жағдайларды шешу алгоритмімен қоса қаланың коммуналды қызмет көрсету орындарының (жол, арық, жылу жүйесін, аула және басқаларын жөндеу) жұмыстарымен танысып, байланыса алады.

Қоғамдық қабылдаудың фронт-офисінде қаланың барлық аудандарының, тұрғын үй, жұмыспен қамту және әлеуметтік қызмет, жолаушылар көлігі, табиғи ресурстар мен архитектура басқармаларының, қалалық прокуратура, полиция, мемлекеттік кіріс департаментінің, ТЖД-нің, ХҚКО-ның, кәсіпкерлердің Ұлттық палатасының өкілдері, медиаторлар қызмет көрсетеді. Басқармалар басшылары қоғамдық қабылдаулар өткізіп, қалалық түрлі бастамаларды таныстыра алады.

Жаңа сервистің жұмыс кестесі қала тұрғындарының жұмыс уақытын ескере отырып жасалған, қызмет көрсету уақыттары жай күндері сағат 8.00 ден 20.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10.00 нан 17.00-ге дейін.

Мекенжайы: Байзақов көшесі, 280 (Сәтпаев көшесінің бұрышы) «Алматы Тауэрс» орталығы.

Қоғамдық көліктің жақын бекеттері: «Әуезов атындағы театр» (Абай даң) баратын автобустар 3, 33, 34, 62, 65, 66, 92, 118, 120, 123, 128 мен троллейбустар 5,19,25; «Қастеев мұражайы» (Сәтпаев көш.) – автобустар 18,35,121; «Орталық аурухана» (Жандосов көш.) — автобустар 18, 44, 62, 66, 95, 121, 123; метро бекеті – Әуезов атындағы театр.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың өзінде Алматы әкімдігі қалалықтарға қолайлы болу үшін Инстаграмда өз аккаунтын ашқан еді. Онда 3 лүпілден соң өтінім тіркеліп, әкімдікке жіберілетін. 2 жыл ішінде Инстаграмдағы тұрақты аудитория 150 мың жазылушыға жетті, қалалықтардың 20 мың өтінімі орындалды.

Айта кетейік, «Open Almaty» – Алматы әкімдігінің түрлі өмірлік жағдайларды шешу және тұрғындарға қызмет көрсету жөніндегі жаңа жобасы.

Open Almaty деген не?

Бұл — қала тұрғындарының өмірінде болып жатқан жағдайларды оңтайлы шешуге көмектесіп, жергілікті және мемлекеттік атқарушы билік мекемелерінің ашықтығын, есеп беру міндеттілігін қамтасыз ететін Алматы қаласы әкімдігінің бірыңғай жобасы.

Бұл жоба қашан басталды?

Қала тұрғындардың өмірлік жағдайларында болып жатқан әр-түрлі мәселелерді оңтайлы шешу үшін 2017 жылдың 10 мамырында ең қажетті ақпаратты қамтитын OpenAlmaty порталы өз жұмысын бастады.

Порталда келесі өте пайдалы және ең қажетті ақпаратты табуға болады:

Қала анықтамалығы:

  • жергілікті атқарушы мекемелер;
  • медициналық, білім беру және діни ұйымдар;
  • телефон қызметтері;
  • үкіметтік емес ұйымдар;
  • халыққа қызмет көрсету орталықтары;
  • ПИК (КСК);
  • жолаушылар көлігі (автопарктер және бағыттар).

Карталар

  • микроаудандар;
  • қайталама шикізаттарды қабылдау орындары;
  • жылыту желілерді, аулаларды, жолдарды, парктерді және саябақтарды жөндеу жұмыстарының жоспарлары, аялдамаларды орнату жоспары

Бос жұмыс орындар мен түйіндемелер қоры
Қолданушылардың сұрақтарына жауаптар

Өмірлік жағдайлар деп нені түсінеміз?

Өмірлік жағдайлар дегеніміз – бізбен күнделікті болып жататын оқиғалар. Мысалы: балаңызды басқа мектепке ауыстыру керек болса, біз оны ҚАЛАЙ жасауды айтамыз. Әлеуметтік тұрғын үйді алғыңыз келсе, біз оны ҚАЛАЙ жасауға болатынын айтамыз. Жеке бизнесті ашқыңыз келсе, біз оны ҚАЛАЙ жасауды айтып береміз. Егер сіздің мәселеңіз шешілмесе немесе қандай да бір шағымдарыңыз болса, порталда өтінішті қалдыруға болады. Осы өтінішке біз міндетті түрде толық жауап беріп, тиісті мекемелерге арыз хатты жеткіземіз.

Қандай жаңалықтар бар?

2017 жылдың 11 қыркүйегінде қажетті ақпаратты немесе пайдалы кеңестерді алуға, өмірлік жағдайларды шешуге арналған және өтініштерді қабылдайтын қоғамдық қабылдау орны және 1308 байланыс-орталығы ашылды.

Тұрғындарды келесі мекемелердің өкілдері қабылдайды:

  • Аудан әкімдіктері
  • Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
  • Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы
  • Сәулет және қала құрылысы басқармасы
  • Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
  • Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы
  • Ішкі істер департаменті
  • Мемлекеттік кірістер департаменті
  • Төтенше жағдайлар департаменті
  • Прокуратура
  • «Атамекен» ҰКП
  • ХҚКО (ЦОН)
  • «Кәсіпқой медиаторлар» ҚБ

Анықтама үшін: 

Қазіргі кезде әкімдіктің «Open Almaty» қоғамдық қабылдауында мемлекеттік органдардың өкілдері қабылдау жүргізуде, арыз-шағымдар әлеуметтік желілер арқылы түседі – аудандар әкімдіктері (55%), тұрғын үй және тұрғын үй қатынастары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, табиғи ресусртар және табиғатты пайдалануды реттеу, архитектура және қала құрылысы басқармалары (45% өтінім) бойынша.

2018 жылдан бастап қала басқармалары және коммнуалдық қызмет көрсету кәсіпорындары жөнінде жобаның 2-ші кезегі жүзеге асыру жоспарланған.