ҚР Парламентінде 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет қаралды. Онда латын әліпбиіне көші үшін 2018 жылы 300 миллион теңге, 2019 жылы 300 миллион теңге бөлінетіні айтылды.
Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында осы жылдың соңына дейін бірыңғай латын әліпбиін жасап шығуды тапсырған еді. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандар даярланып, орта мектептерге арналған кітаптар қайта басылып шығатын болады. 2025 жылға дейін қазақстандықтар жаңа әліпбиді қолданысқа енгізуі тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қыркүйек күні мәжілісте латын әліпбиін енгізуге арналған парламенттік тыңдау өтті. Онда жаңа әліпбиге 25 әріпті нұсқа ұсынылды. Бірақ бұл нұсқа көпшіліктің көңілінен шыққан жоқ.