Акция барысында мүмкіндігі шектеулі балалар айналысатын спорттық секциялар ұсынылды. Қазір М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында бейімделген каратэ және жүзу секциясы жұмыс істеп тұр.
Шараға Астана әкімі Әсет Исекешев, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Сапаров, үкіметтік емес ұйым өкілдері келді.Қонақтар каратэ залын көріп, мүмкіндігі шектеулі балалардың жаттығуын қарады. Сондай-ақ мүгедек балалар жүзетін бассейінді көрді.
Айта кетейік, акция мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларды бұқаралық спортқа тарту, бейімді спортты дамыту, оқу, білім, медициналық және мемлекеттік мекемелерді мүгедектер ортасына бейімдеу. Шараны «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы, «Тең мүмкіндіктер әлемі» мүгедектігі бар балалардың ата-аналар қауымдастығы, «Асыл бала» республикалық ассоциациясы ұйымдастырды.