- Егер орынсыз сөйлеп қойсаңыз, орныңыздан тұрып кетіңіз. Сыртқа шығып, таза ауамен біраз дем алыңыз. Таза ауа, табиғат көріністері, көңіліңізді қайтадан орнына түсіреді. Тыныштандырады.
- Үй ішінде бөлме гүлдерін өсіретін болсаңыз, солармен сөйлесіңіз. Бір сөзбен айтқанда, сырласыңызға айналдырыңыз.
- Қарсыласыңыздың немесе ұрысып отырған адамыңыздың сөзіне мән бермей, іштей 100-ге дейін санаңыз. Психологтар 17-ге дейін санағаннан кейін, адам тынышталады деген ой айтады.
- Көп жерде үнсіз қалуға тырысыңыз. Қарсы келген жан ашулы болса еш нәрсені түсінбейді. Сондықтан, үндемей құтылыңыз.
- Салқын су ішіп, мұздай балмұздақ жеңіз.
- Құрбыларыңызға, достарыңызға қоңырау шалыңыз. Ал жақын орналасқан жерде тұратын болса, барып қайтыңыз.
- Оңаша қалып, кітап, газет, журнал оқыңыз. Көңіл-күйді көтеретін әсем әуен тыңдаңыз.
- Дене жаттығуларын жасаңыз.
- Жол жүргенде кеудеңізді көтеріп жүріңіз. Сонда ғана жол-жөнекей кездескен адамдардың ыстық сәлемін алып отырасыз. Бұл көңіліңізді серпілтіп тастайды.
- Кемінде 10 минут ренжіскен адамыңызбен бетпе-бет келуден қашқақтаңыз. Ал егер де сізді көрсе, түк білмегендей бетіне қарап күле сөйлеңіз. Егер ол жылы қабақ танытса, оқиғаны болмағандай етіп өткізіңіз. Кейін сабырға келгенде, әңгімеге тартып, талқыға салыңыз.
Көңіл-күйім көтеріңкі болсын десеңіз…
