Басты бетБокс кешінде...

Бокс кешінде қазақ спортшылары қандай нәтиже көрсетті?

Бүгінгі бокс кешінде жекпе-жектің андеркартында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген 8 қазақ боксшысы өнер көрсетті.

Алғашқы жекпе-жекте қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов бір минуттың ішінде өз қарсыласын нокаутпен жеңді.

«Нью-Йорктың үздік полицейі» Димаш Ниязов елірген қарсыласын сабасына түсірді.

Қазақтың жас нокаутеры Айдос Ербосынұлы да кезекті жеңісіне жетті.

Ал Әли Аxмедов өз қарсыласын теxникалық нокаутпен жеңді.

Нұрсұлтан Жаңабаев та өз уәдесін орындап шықты.

Аса ауыр салмақта Руслан Мырсатаев төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Жәнібек Әлімxанұлы болса, кәсіби бокстағы екінші жеңісіне жетті.

Жанқош Тұраров та өз қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Қанат Ислам канадалық «Жаман бала» Брэндон Кукты жеңді.