Жәнібек Әлімханұлы 81 килограмға дейінгі салмаққа ауысты

75 келі салмақ дәрежесінде әлем және Азия чемпионы атанған Жәнібек 81 келіге ауысады. Бұл салмақта екі дүркін Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов бар.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановтың айтуынша, боксшының жаңа салмақтағы дебюті қараша айында болады. Ол Павлодарда өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады екен.

«Рио Олимпиадасында Жәнібекке жүлдеге үміткер болды. Бірақ бұйырмады. Бізге, әрине, өте өкінішті. Біз Бразилиядан бұдан да көп медаль әкелуге шамамыз жететін. Шынымен де Қайрат Ералиев, Олжас Сәттібаев, Жәнібек Әлімханұлы жақсы формада болды. Енді олар қазір өздерін кәсіпқой бокстан сынап көргілері келеді. Жәнібек маған жеке хабарласып рұқсат сұрады. 29 қазан күні Қанат Исламның жекпе-жегінің андеркардында өнер көрсетеді. Мен өз келісімімді бердім. Дегенмен Павлодардағы ел чемпионатына ол қатысады. Әлімханұлы қазір Астанадағы оқу-жаттығу жиындарынан босатылды. Бірақ кәсіпқой рингтегі жекпе-жегінен кейін құрамаға оралып, ел чемпионатына қатысады», – дейді Мырзағали Айтжанов.

 

Естеріңізге сала кетейік, Әлімханұлы 29 қазаг күні Алматыда өтетеін бокс кешіне қатысады. Оның қарсыласы Мильтон Нуньес. Мильтон 2010 жылы Геннадий Головкиннен нокаутпен жеңілген еді. 

Дереккөзvesti.kz