Lyrebird жобасының өкілдері өз сервистерінің көпшілікке арналған бета-нұсқасының іске қосылғанын мәлімдеді.
Жүйе адамның сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағының ерекшеліктерін зерделейді. Осыдан кейін оның дауысын кез келген мәтінді оқу үшін пайдалануға болады.
Бұған қоса, жоба өкілдері өздерінің API бета-тестілеуін өткізуді жоспарлап отыр. Осы мақсатта олар қызықты контенттер немесе видео ойындар мен дыбыстық көмекшілерді әзірлеумен айналысатын әріптестерді іздестіруде.
Естеріңізге сала кетейік, монреалдық Lyrebird стартапы өзінің сөз сөйлеу имитациясына арналған нейрожелілік алгоритмін алғаш рет 2017 жылы сәуір айында ұсынған болатын.
Жүйенің мүмкіндіктерін таныстыру үшін компания өз сайтында Барак Обаманың, Дональд Трамптың және Хиллари Клинтонның синтезделген дауыстарының жазбаларын жариялаған болатын.