«Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталатын 9 шақырымдық велошеру Тұңғыш Президент саябағында аяқталады. Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар және велосипедтер ойнатылатын болады.
Қала күніне арналған велошеруде алматылықтармен бірге Дәулет Тұрлыxанов — грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері; Санатәлі және Саматәлі Төлтаевтар — бокстан жастар арасында Азия чемпиондары; Айгүл Дүкенбаева – спорттық акробатикадан Қазақстан ұлттыө құрамасының бас бапкері; Руслан Либиров – ушудан жазғы Универсиада-2017 ойындарының күміс жүлдегері.
Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығың ескертеді.
Айта кетер жайт, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудін он сегізіншісі болып саналады.
«Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.