Ғалымның құрметіне орнатылған мүсіннің биіктігі — 3,6, ал постаментпен бірге — 7 метр. Авторы танымал суретші, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі — Азат Баярлин.
Ескерткішті ҚР Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров жəне ғалымның немересі Әлима Қайнекейқызы Жармағанбетова ашты.
«Қаныш Сəтбаевтың ғылым саласына қосқан үлесі зор. КСРО ҒА Қазақстан геология институтының директоры ретінде ол отандық геология ғылымының көкжиегін әлемдік ауқымға дейін кеңейтті. Осындай дара тұлғанның құрметіне Степногор қаласында ескерткіш орнату үлкен тарихи маңызы бар оқиға», — деді облыс əкімінің орынбасары Айна Мысырəлімова.
Шара барысында сөз сөйлеген ҚР Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров, саяси қайраткер Серікпек Дəукеев жəне ғалымның немересі Әлима Жармағанбетова ғалымның жетістіктері мен оның ерекше адами қасиеттері турасында әңгімеледі.
«Ең бірінші Степногор тұрғындарын қала күнімен құттықтаймын. Атамызға осындай құрмет көрсетіп отырған баршаңызға ғалымның ұрпақтары атынан алғыс айтамын», деді ғалымның немересі, химия ғылымдарының докторы, профессор Әлима Қайнекейқызы.