ЭКСПО-ның жабылу салтанатында қандай шоулар көрсетіледі?

Жабылу салтанатындағы мультимедиялық шоуда «жасыл» технологиялар мен көрмеге қойылған ең үздік жаңалықтар көрсетіледі. Қонақтар ең үздік заманауи жетістіктер үйреншікті болып кеткен болашақ өмірді көре алады.

«Қойылымда ЭКСПО-2017 көрмесінің адамзаттың болашағына қалай әсер ететінін, Көрмеге қойылған жаңа өнертабыстардың көмегімен әлемнің қалай өзгеретінін көрсетеміз. Басты рөлде адам ойнайды. Себебі, адам — теңдессіз технологиялық жетістіктердің авторы», — дейді жабылу салтанатының бас продюсері Борислав Володин.

Бас продюсер шоудың әдемі ғана емес, пайдалы деректерге толы болатынын да атап өтті.

Жоспар бойынша, театрландырылған шоуға 2 232 адам қатысады, олардың арасында волонтерлар мен көрмеге қатысушы елдердің өкілдері бар. Көрермендер алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтар мен Көрме туралы қорытынды статистикалық мәліметтерді алады.

Шоу кезінде күрделі инженерлік, қойылымдық және көркем суреткерлік шешімдер қолданылатын Hi-Light Show көрермендерді болашақ әлемге жетелейді. Әуеде қалқып тұрған декорациялар гимнасттармен бірге қозғалады. Сахна үнемі өзгеріп отырады және мұның барлығын танымал композитор Александр Князевтің ғажап музыкасы сүйемелдейді.

Айта кетейік, жабылу салтанатының тікелей трансляциясы «Астана ЭКСПО-2017» ресми сайтында және Уoutube-арнасында жүргізіледі.