6 қыркүйек күні үкімет қарауына түскен заң жобасы бойынша, Франция үкіметі ел аумағында жаңа кен орындарын ашуға лицензия беруді тоқтатпақ.
Алайда, дәл қазір мұнай мен газды өңдеу және оның импорты жүре береді, өйткені Францияның өзі жылына бар болғаны 6 миллион баррель көмірсутек отынын өндіреді.
Климат жөніндегі Париж келісімін орындау мақсатында Франция 2022 жылға таман көмірмен жұмыс істейтін ЖЭЦ-тен бас тартады, бұған қоса электр қуаты өндірісіндегі атом электр станцияларының үлесі 50 пайызға дейін азайтылады.