Басты бет Қоғам «Егемен Қазақстан» бес тілде ақпарат таратады

«Егемен Қазақстан» бес тілде ақпарат таратады

«Егемен Қазақстан» газетінің ресми сайты ағылшын тілінде хабар таратуды бастады. Енді газеттің электронды нұсқасын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, сондай-ақ латын қарпінде және төте жазумен оқуға болады.

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі сайттың орыс және ағылшын тілдеріндегі нұсқасы іске қосылатындығы туралы өткен жылы хабарлаған болатын. Ол газеттің интернет-сайтын дамытуға айрықша көңіл бөлінетіндігін айтқан еді.

2017 жылы наурыз айында «Егемен Қазақстан» газетінің архивтегі барлық нөмірі цифрлық нұсқаға көшірілетіні айтылды.

Одан бөлек, ел газетінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында «Егемен Қазақстанның» жүріп өткен жолы 10 томдық кітап болып басылып шықпақ.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version