Басты бет Жаңалықтар Ағылшын тіліндегі пәндердің ұстаздарына 25 пайыз үстемақы төленеді — Ерлан Сағадиев

Ағылшын тіліндегі пәндердің ұстаздарына 25 пайыз үстемақы төленеді — Ерлан Сағадиев

ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев 2019 жылдан бастап ағылшын тiлiнде өтетiн пәндердiң мұғалiмдерiне 25 пайыз үстемақы төленетіндігін мәлімдеді.

«Биыл ағылшын тілі курстарына 12 мың мұғалім жазылған. Оның ішінде 4 мың мұғалім ағылшын тілін оқуды бастап кетті. Жаңа оқу жылынан бастап 8 мың мұғалім курстарда бiлiм алуға кiрiседi. Курстың әртүрлісі, 3, 6 және 9 айлығы бар. Егер мұғалім 9 айлық курстан өтсе, онда оқытушының жұмыс орны, жалақысы сақталып, қосымша ақы төленеді. Жол шығыны да өтеледі. Курсты аяқтағаннан кейін ағылшын тілінде сабақ бере алатын болса, жалақысына 25 пайыз үстемақы қосылады», — деді Ерлан Сағадиев.

Cондай-ақ министр баспасөз конференциясында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 500 сыныптың ағылшын тілінде білім алуға көшетінін айтты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version