Футбол: Өзбекстан мен Қырғызстан құрамалары жанкүйерсіз кездесу өткізеді

Бүгін Ташкентте Қырғызстан мен Өзбекстан футбол құрамаларының кездесуі өтеді. Матч жабық түрде көрерменсіз болады және ойын телеарналардан көрсетілмейді.

©vkpress.ru

Екі құраманың бапкерлері осындай шешім қабылдаған.

«Көрерменсіз ойындарда техникалық әдіс сыналады. Бақылау ойынын жабық өткізіп тұрады. Онда тұрған ешнәрсе жоқ», — деді қырғыз футбол федерациясының баспасөз хатшысы Наталья Угрюмова.

Қырғыз жанкүйерлері мұндай шешімнің басқаша астары бар деп отыр. 23 тамызда өзбек шекарашылары футболға бара жатқан отызға жуық жанкүйерді өткізбей қойған. Ал Өзбекстан билігі Тәуелсіздік күні қарсаңында қауіпсіздік күшейтілгенін айтады.

Тәуелсіздік алғалы бері Өзбекстан мен Қырғызстан құрамалары бес мәрте кездескен.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version