«Мегаполис ханымдары» хикаясы түсіріліп жатыр

Аталған телесериалды режиссер Жасұлан Пошанов түсіріп жатыр. Жобаның продюсері — Гүлнар Байбосынова.

Фильмде сыныптас бес қыздың оқиғасы баяндалады.Олардың Жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы кездесуі ұмытылмас шытырман оқиғаға айналады.

«Мегаполис ханымдарының» актерлық құрам танымал жұлдыздардан тұрады. Олар Гүлнар Байбосынова, Бақыт Шадаева, Данагүл Темірсұлтанова, Гүлнар Дусматова және Шынар Асқарова. Сондай-ақ, картинаға Азат Сейтметов пен Әзиз Бейшеналиев түсіп жатыр.

«Мегаполис ханымдары» хикаясының тұсаукесері «Хабар» телеарнасында Жаңа жыл қарсаңында болмақ.

ДереккөзBrod.kz