Жалпы, әскери-техникалық мектеп 2013-ші жылдың наурыз айынан бері Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігімен бекітілген бағдарламаға сәйкес жұмыс істейді. Бұл 40 күн ішінде жастарды ақылы негізде әскери дайындықтан өткізетін оқу орны. Бір жарым айдан уақыт дайындықтан өткен жастар әскери билет алуға мүмкіндік алады.
Әскери мектеп жыл бойына 7 взвод бойынша әскери дайындықтан өткізеді. Әрбір кезеңде 30 адамға дейін болады. Бұл биылғы жылдағы 4-ші взводтың тәрбиеленушілері. Олар осыдан бір жарым ай бұрын Астана қаласынан келген. Ерекшелігі сол, әскери мектепте Ақмола облысының ғана емес, Ел ордалық жастар да тәрбиеленеді.
Аталған мектептің тәрбиеленушілері салтанатты түрде ант қабылдап, резервтегі әскери қызметшілердің қатарына қосылды. Олар 40 күндік білімнің негізінде «атқыш» атағы туралы арнайы сертификат пен әскери билет алып шықты. Жалпы, әскери мектепке 24 жастан жоғары азаматтар қабылданады.

