Көкшетауда жаңа спорттық жаттығу алаңдары салынып жатыр

Қазір екі көшеде де жаттығу алаңдары толықтай дайын деп айтуға болады. Тек жұмсақ төсемені орнату жұмыстары ғана қалған. Жалпы, құрылыс жұмыстардың басым бөлігі 10 күннің ішінде аяқталған. Өз үйлерінің аулаларында демалуға әрі жаттығуға  арналған жаңа алаңның ашылғанына қала тұрғындары аса қуанышты.

Жалпы, биыл облыс орталығына 5 жаттығу алаңы салынады деп жоспарланған. Олардың әрбірінің аумағы да әртүрлі. Ең кішісі  — 280 шаршы метрден басталып, 320 шаршы метрге дейін жетеді. Жаттығу алаңдарының көлеміне қарай, оған қойылатын спорттық құралдар да түрліше болып келеді. Әрқайсысына, шамамен, 3 және 5 млн. теңге жұмсалмақ. Жаттығу алаңдары үлкен-кіші, жас-кәрінің барлығына арналған. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қойылған

Дәл қазір «Жайлау» шағын ауданындағы №21 орта мектептің жанында да жаттығу алаңы салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары осыдан 2-3 күн бұрын басталған. Қазір мұнда мердігер ұйымның жұмысшылары еңбек етуде. Мамандар жұмыстар шамамен 10 күннің ішінде аяқталады, —  деп отыр. Одан соң, «Сұңқар» шағын ауданы мен орталық саябақ маңында да жаттығу алаңдары салынады деп жоспарланып отыр.

Көкшетау қаласында жылдан-жылға қала тұрғындарының ашық аспан астында жаттығуына ыңғайлы алаңдар саны көбейiп келедi. Жақында олардың қатарына Сүлейменов көшесiнiң бойында жаңа воркаут алаңы қосылмақ. Бұл — осымен пайдалануға берiлген қаладағы төртiншi нысан.

Еске сала кетейік, Көкшетау қаласында ағымдағы жылдың шілде айында «Елім-ай» жаңа спорт алаңы пайдалануға берілген. Бұл спорт алаңына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жəне «Цеснабанк» акционерлік қоғамы ұйытқы болды. Кəсіби мамандардан тұратын ұжымның қуанышын еселей түскен спорт алаңы қазіргі заман талабына сай жабдықталған. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ашылған нысанда жасанды жамылғы төселген футбол алаңы бар. Алаң айнала шарбақпен қоршалған.

Жыл сайын облыста тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында аула алаңдарын жабдықтап, игілікке жарату мəселесі де оң шешімін табуда. Мəселен, таяуда Бұланды ауданында жүзу бассейні, Сандықтауда мəдени-сауықтыру кешені пайдалануға беріледі деп күтілуде.