Осылайша аталмыш бағдарламаның аясында 6 айдың өзінде 207 мың адам жұмысқа орналасқан.
Жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыз жүрген жас мамандарға жыл бойы түрлі кездесулер ұйымдастырып отырады. Мемлекеттік қызметкерлермен кездесу барысында үміткерлерге департамент мамандары аталмыш қызметке орналасу тәртібі мен кезеңдері жайында толық ақпарат берді.
Бұдан бөлек, кездесуге келген жұмыссыз жастарға мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу кезеңдері жайында бейнероликтер көрсетіліп, үміткерлерді қызықтырған сұрақтарға департамент басшысы Берген Беспалинов жауап берді. Айта кету керек, бүгінде 29 жасқа дейінгі жас мамандардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығы жыл санап артып келеді. Биылғы жылдың өзінде өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметке орналасқан жастардың пайыздық көрсеткіші 22-ден 25 пайызға дейін артқан.