Әлем чемпионаты: Әбілхан Аманқұл күміс жүлдеге ие болды

Әуесқой бокстан Гамбургте өтіп жатқан әлем чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақта финалдық жекпе-жек аяқталды. Қазақстандық жас боксшы украин Александр Хижнякпен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіліп қалды. Мұның алдында Қайрат Ерәлиев американ Дюк Раганды жеңіп Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальды салған болатын.

Енді Қазақстан құрамасынан бір боксшы рингке шығады. Аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев әзірбайжан Магомедрасул Меджидовпен бокстасады.

Дереккөзbaq.kz