Басты бетЖаңалықтарҚыркүйек айындағы...

Қыркүйек айындағы ауа райына болжам

Алдын ала болжамға сәйкес, келесі аптада суық ауа массасының келуімен Қазақстанның барлық аумақтарында найзағай күркіреп, жаңбыр жауып  ауа температурасының бірте-бірте төмендеуі күтілуде:

4-7 қыркүйек аралығында батыста түнде 12…20 градус жылы, күндіз 20…28 градусқа дейін жылы;

6-8 қыркүйек аралығында еліміздің солтүстікте және орталықта, 8-10 қыркүйекте шығыста түнде 7…15 градус жылы, ал күндіз 17…25 градусқа дейін жылы.

6-8 қыркүйек аралығында оңтүстікте түнде 12…20 градус жылы, күндіз 22…30 градусқа дейін жылы.

8-10 қыркүйек аралығында оңтүстік-шығыста түнде 10…18 градус жылы, ал күндіз 20…28 градусқа дейін жылы.

Одан кейін, Орталық Азия аймақтарынан жылы ауа массасының келуімен ауа температурасы қайтадан бірте-бірте жоғарылайды:

солтүстік жартысында күндіз 22…30 градусқа дейін жылы;

оңтүстік жартысында күндіз 27…35 градусқа дейін жылы;

Алдын ала болжам бойынша,  қарқынды салқын толқыдары айдың үшінші онкүндігінде күтілуде, еліміздің солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып арты сулы қарға айналуы мүмкін. Ауа температурасы төмендейді:

солтүстік жартысында түнде 3 аяз… 5 жылы, күндіз 7…15 жылы

оңтүстік жартысындатүнде 2…10 жылы, күндіз 17-22 жылы.