Аталмыш шара «Асыл мұра» бағдарламасының аясында ұйымдастырыладыү Оның басты мақсаты — қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін елге танытып, дәріптеу, халқымыздың патриотизмін, бірлігі мен ынтымақтастығын насихаттау.
Мереке аясында мәдени-ойын сауық және спорттық іс-шаралар кешені ұйымдастырылатын болады. Мешітке келуші жамағаттар ұлттық спорт түрлерінен бақтарын сынайды. Атап өтсек, шараға қатысам деушілердің жарысқа тегін тіркеліп, қазақ күресі, асық ату, қошқар көтеру, бұқа тартыс, ләңгі тебу және басқа ойын түрлерінен бәстесуге мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, көрермендер «Домбыра» ансамблінің ұлттық аспаптардағы туындыларын тыңдап, тамашалай алады.
Спорттық сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ, қонақтарға тегін тағамдар мен сусындар таратылатын болады.
Мерекелік шара айт-намаздан кейін таңғы 06:50-де басталып, сағат 09:00-ге дейін өтеді.