Басты бетЖаңалықтарҒарышкер Айдын...

Ғарышкер Айдын Айымбетов ақмолалық шаруаларға ғарыштық мониторингтің тиімділігін түсіндірді

Кеңеске облыс әкiмi М. Мырзалин, аудан, қала əкiмдерi, өңiрлiк кәсiпкерлер палатасы, А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы өндiрiстiк орталығының, Ұлттық аграрлық ғылыми-оқыту орталығының мал шаруашылығы жəне өсiмдiк шаруашылығы Солтүстiк Қазақстан ҒЗИ өкiлдерi, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары мен аграномдарынан құралған 200 астам адам қатысуда.

Айдын Айымбетовтың айтуынша, «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК базасында ғарыштық мониторинг жүргiзуге болады. Бұл ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi түгендеу мəселесiн шешуге сеп болады екен.

«Бұл жер телiмiнiң нақты аумағы мен шекарасын, мақсаты пайдалануын жəне көлеңкелi қордағы жерлердi анықтауға мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар, жер телiмiнiң нақты картографиясына, егiстiктiк алқаптардың жағдайына мониторинг жүргiзуге септiгiн тигiзедi», — дедi Айдын Айымбетов.

Өз кезегiнде облыс әкiмiнiң орынбасары Е. Каппель бұл тұрғыда Ақмола облысының бiрнеше ауданы бүгiнгi күнi «Қазғарыш сапары» ҰК бiрлесе жұмыс iстеп жатқанын айтты. «Әсiресе, бұл сараптама ауылшаруашылығы жерлерiнiң тиiмдi пайдаланылып жатқанын, ондағы химиялық препараттардың дұрыс қолданылуына дейiн анықтауға мүмкiндiк бередi»,-дедi ол.