Басты бетҚазақстанда сөйлейтін...

Қазақстанда сөйлейтін піл туралы фильм түсірілді

«Батыр» фильмі Алматы мен Қарағанды қалаларында түсірілген. Түсірілім жұмыстары бір айға созылды. Мексиканың қоюшы-оператор Алехандро Чавес елге арнайы шақырылды.

Фильмге 70-90 жылдары Қарағанды зообағында өмір сүрген Батыр атты сөйлейтін піл арқау болған. Жануар қоршаған әлемдегі дыбыстарды және адам сөзін қайталайтын қабілетке ие.

«Мен шынайы Батыр туралы көп естідім, бірақ ешқашан көрген емеспін. Оның хикаясы мені қатты қызықтырды, сондықтан кино түсіруді ұйғардым. Сценарий жазу барысында біздің тобымыз Батырдың көзін көрген зообақ қызметкерлерімен кездесіп, сұхбаттасты. Дегенмен, фильмде ойдан шығарылған кейіпкерлер мен оқиғалар бар, өйткені пілдің шынайы хикаясы трагедияға толы. Көрермендерді қамықтырмас үшін біз комедия элементтері бар драма түсірдік. Картинада фильмді коммерциялық бағытқа айналдыратындай экшн-көріністер, компьютерлік графикалар жоқ. «Батыр» — әр түрлі жастағы көрермендерге арналған отбасылық фильм»,-дейді Бауыржан Досмағамбетов.

Марат Әбішев, Салтанат Наурыз, Нұргүл Алпысбаева және Санұржан Сүлейменов зерттеушілердің рөлін сомдады. Басты кейіпкер Батыр пілді Алматы зообағының 21-жасар пілі Лао ойнады.

ДереккөзBrod.kz