Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Жозе Алесио жұмысынан кетті

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарып келген Жозе Алесио бұдан былай Әзірбайжан құрамасының тізгінін ұстайды.

Бразилиялық маман жаңа қызметіне 15 шілдеден бастап кіріседі екен. Әзірбайжан құрамасынан бөлек, ол нахчывандық «Араз» клубының да бас бапкері қызметін атқарады.

Осылайша футзалдан Қазақстан құрамасы бас бапкерсіз қалып отыр.

Еске салайық, Алесио біздің құраманың тізгінін биыл қаңтар айында ұстаған еді. Алайда бұл бразилиялық маманның қызметінен кеткенін Қазақстан футбол ассоциясы әлі растаған жоқ.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version